Әлеуметтік педагогтің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары » Абай атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+77277557649
Есепші бөлімі:
+77277557649
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әлеуметтік педагогтің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
29
август
2023

Әлеуметтік педагогтің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Әлеуметтік педагогтің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары


Мектептің әлеуметтік-педагогикалық жұмысының мақсаты: 

Мектептің әлеуметтік осал топтағы оқушыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсете отырып, әлеуметтік теңсіздіктің алдын алу, мектептің әлеуметтік әл-ауқатын арттыру.

Міндеттері: 

  • Мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайын жан-жақты зерттеу және болжау, сол арқылы әлеуметтік шаралардың орындалуын қамтамасыз етіп, бала үшін білім алуға қолайлы орта құру;
  • «Бала-отбасы-мектеп» моделіндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыс негізінде әлеуметтік жетімдіктің алдын алу;
  • Оқушылардың құқықтық, әлеуметтік білімі мен жауапкершілігін қалыптастыру, баланың жан-жақты дамуын әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу.

Жылдық жоспар Білім туралы ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы ҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі, ҚР баланың құқықтары туралы ҚР 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы, Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрығы, Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығы, Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы (ҚР Оқу-ағарту министрінің 17.03.2023 № 68 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) және т.б. нормативтік-құқықтық құжаттарға негізделген.