Хабарландыру » Абай атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+77277557649
Есепші бөлімі:
+77277557649
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
август
2023

Хабарландыру

Хабарландыру


        «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына (ҚР Білім Оқу-ағарту министрінің 22.22.2022 № 513 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) сәйкес    Қарасай   ауылы Гагарин  көшесі, құрылыс №1 үйде орналасқан «Алматы облысы білім басқармасының  Еңбекшіқазақ ауданы   бойынша   білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Абай атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагогі (Педагог-ұйымдастырушы)   қызметі   уақытша бос лауазымды орынға конкурс  жариялайды.

Бастауыш, негізгі орта, орта, шағын жинақты мектептерді қоспағанда білім беру ұйымдары үшін: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс.       

Орта білім беру мекемесі педагогінің лауазымдық міндеттері: 1)Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады; 

     Лауазымдық жалақы мөлшері- шамамен 130000 теңге.

Білім беру мекемесі хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасуға мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

       2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

       3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

       4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

       5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

        6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

       7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;            

       8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

       9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

       10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

 "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез келген кезеңінде шеттетіледі.

       Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне,  жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

    Үміткерлерден  құжаттарды қабылдау   хабарлама білім беру ұйымының   Интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында жарияланған   күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ,   яғни,  2023 жылғы 21  мен  28 тамыз   аралығында «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің «Абай атындағы орта мектеп» КММ –де қабылданады (Қарасай ауылы, Гагарин көшесі, құрылыс №1 үй). 

Конкурстың өтетін күні мен уақыты құжат тапсырушы үміткерлерге жеке хабарланатын болады. 

       Қосымша мәліметтерді 872775-57649 телефон нөміріне хабарласып немесе abai-karasai@mail.ru электронды поштасына хат жазу арқылы  болады. 


Похожие публикации:

16 август 2023 Хабарландыру
15 август 2023 Хабарландыру
14 август 2023 Хабарландыру
14 август 2023 Хабарландыру
08 август 2022 Хабарландыру