«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абай атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзін-өзі бағалау ҚОРЫТЫНДЫСЫ » Абай атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+77277557649
Есепші бөлімі:
+77277557649
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абай атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзін-өзі бағалау ҚОРЫТЫНДЫСЫ
13
июль
2023

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абай атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзін-өзі бағалау ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абай атындағы орта мектеп» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзін-өзі бағалау

ҚОРЫТЫНДЫСЫ



        Қарасай ауылы                                     «31» мамыр 2023 жыл 



1. Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы:

1) Білім беру ұйымының аталуы, орналасқан жері (заңды мекен-жайы және нақты орналасқан мекен-жайы):

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абай атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.  

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қарасай ауылы Гагарин көшесі құрылыс № 1 

2) Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электронды пошта, web-сайт):

http://www.abai-enkaz.mektebi.kz/  Телефон 87277557649 Электронды почта: abai-karasai@mail.ru

3) Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының ФАӘ және лауазымға тағайындау бұйрығы туралы деректер):

Бердалиев Нурлан Турмаханович

4) Құқық беруші және құрылтайшы құжаттар: 

____________________________________________________________________________________________________________________________________

5) Рұқсат етуші құжаттар: 

____________________________________________________________________________________________________________________________________


2. Кадрлық құрамға талдау: 

1) тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі бар педагогтер туралы мәліметтер немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, оның ішінде базалық білімі жоқ педагогтер туралы мәліметтер:

2022-2023 оқу жылында Абай атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 37 мұғалім қызмет атқарды. 

Білімі бойынша: 1. Жоғары білімді – 35 мұғалім. 

2. Арнаулы орта білімді – 2 мұғалім. 

3. Біліктілігі бойынша 

Жоғары санатты – 2 мұғалім.

Бірінші санатты – жоқ.

Екінші санатты – 1 мұғалім.

Педагог модератор – 9 мұғалім

Педагог сарапшы – 14 мұғалім.

Педагог зерттеуші – 2 мұғалім.

Педагог шебер – жоқ.


2) мемлекеттік білім беру ұйымы басшыларының үш жылда бір рет аттестаттаудан өткендігі туралы мәліметтер:

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 533 бұйрығының  Білім беру ұйымдарының басшылары:

       атқаратын лауазымына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. Соған байланысты мектеп директоры 3 санатты білім беру ұйымы басшысы ретінде аттестаттаудан өтті.

3) кемінде бес жылда бір рет педагогтердің біліктілік санатының деңгейін арттыру/растау туралы мәліметтер:

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 533 бұйрығы  Педагогтерді аттестаттау "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бес жылда бір реттен сиретпей өткізіледі. Осыған орай мектептегі педагогтардың біліктілік санаттарын алу уақытылы жүргізіліп отырады.


3. Тәрбиеленушілер контингенті: 

1) жасына байланысты, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілер контингенті туралы мәліметтер:

2022-2023 оқу жылында жасына байланысты, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілер саны 6 оқушы үйден оқыту көмекші бағдарламамен ұйымдастырылды.

  1. Касымова Рабия – 6 сынып. Көмекші бағдарлама
  2. Мустафаев Ариф – 7 сынып. Көмекші бағдарлама.
  3. Алиева Мадина  - 7 сынып. Көмекші бағдарлама.
  4. Хасанова Сабина – 8 сынып. Көмекші бағдарлама.
  5. Османов Рамазан – 8 сынып. Көмекші бағдарлама.
  6. Касымова Бериван – 9 сынып. Көмекші бағдарлама.


2) білім алушылар (тәрбиеленушілер) контингентінің қозғалысы туралы мәліметтер:

2022-2023 оқу жылында  бастауыш сыныптарда  бала саны 153 оқушы,                  5-9 сыныптарда 151 оқушы, 10-11 сыныптарда 13 оқушы, жалпы 1-11 сыныптарда 317 оқушы. 4-тоқсан соңында 313 оқушы. Келген оқушылар жоқ. Кеткен оқушылар саны – 4. 

Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау және денсаулық сақтау шаралары санитарлық талаптарды сақтау бойынша сынып жетекшілер мен мектеп медбикесінің бақылауында. Форма-2 бойынша себепсіз 10 күннен артық сабақтан қалған оқушылар жоқ.


4. Оқу-әдістемелік жұмыс: 

1) жұмыс оқу жоспарлары мен ұйымдасқан қызметтің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкестігі:

2022-2023 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасынынң заңдарын басшылыққа алуы және оқу-тәрбие процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асуы тиіс» «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі  орта жәнежалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі - МЖМБС) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы;

- «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР МП 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы); өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығы

- «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстар мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бұйрығы» \3 қосымшасы\.

Аталған нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде 2022-2023 оқу жылында педагогикалық кеңес талдап, талқылап типтік оқу жоспарлары негізінде сынып комплектілерінің санына қарай оқу процесін сапалы қйымдастыруда оқушылардың қажеттілігіне сәйкес қажетті оқу жоспарын таңдау керектігі туралы айтты. 

Педагогикалық кеңес аталған нормативтік-құқықтық құжаттарды талдай келе,келесідей шешім қабылдады:

  1. 2022-2023 оқу жылын ұйымдастыруда ҚР Үкіметінің, ҚР Оқу-ағарту министрінің білім саласына қатысты аталған-нормативтік-құқықтық құжаттары басшылыққа алынсын.
  2. 2022-2023 оқу жылында мектепалды даярлық сыныбы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бұйрығы \3 қосымшасы\ негізінде оқу жоспары жасалып, ұйымдастырылсын.

2022-2023 оқу жылында 1-11 сыныптарда білім беру процесі «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР МП 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы); өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарының негізінде оқу жоспарлары жасалып, сынып комплектілердің санына қарай оқу процесі келесідей ұйымдастырылсын:

  1. Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары 1 қосымшаға сәйкес;
  2. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары 2 қосымшаға сәйкес;
  3. Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспары 6 қосымшаға сәйкес;
  4. Оқыту орыс жүргізілетін сыныптарға арналған негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспары 7 қосымшаға сәйкес. Сонымен қатар, ескертуге сәйкес «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» пәні бойынша аптасына жүктеме 4 сағат болған жағдайда, сынып екі топқа бөлініп оқытылады, аптасына 5 сағат жүктеме болған жағдайда, топтарға бөлінбей оқытылады. Аталған ескертуге сәйкес 5 «А», 5 «Б», 6 «Б», 7 «А», 7 «Б», 9 «Б» сыныптарда топтарға бөлінбеуіне байланысты «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» пәні аптасына 5 сағат жүктемемен оқиды. 
  5. Оқыту орыс жүргізілетін жаратылыстану-математика бағыты бойынша  жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары 88 қосымшаға сәйкес. Сонымен қатар, ескертуге сәйкес «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» пәні бойынша аптасына жүктеме 4 сағат болған жағдайда, сынып екі топқа бөлініп оқытылады, аптасына 5 сағат жүктеме болған жағдайда, топтарға бөлінбей оқытылады.

                Аталған ескертуге сәйкес 10 «А», 11 «А» сыныптарда топтарға бөлінбеуіне байланысты «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» пәні аптасына 5 сағат жүктемемен оқиды. 



5. Оқу-материалдық активтер:

1) Ғимарат туралы мәлімет (ғимарат типі, салынған жылы, жобалық қуаты, ағымдағы және күрделі жөндеу өткізуге қажеттілік және басқалары):

Мектеп ғимараты 1969 жылы салынған. Күрделі жөндеу жүргізілмеген. Ғимарат типі – типтік. Жобалық қуаты – 320 балаға арналған.

2) Жиһаз және жабдықтармен қамтылу туралы ақпарат:

Мектеп химия және физика кабинеттерімен жабдықталды.



6. Ақпараттық ресурстар және кітапханалық қор:

1) Оқу-әдістемелік кешендердің болуы туралы мәліметтер:

Мектептегі оқулықтар саны – 5942 дана. Көркем әдеби кітаптар саны – 5709 дана. Оқушылардың оқулықпен қамтылуы 100%.




7. Білім беру процесіне қатысушылардың және басқа респонденттердің сауалнамасы:

Ұсынылатын білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін анықтау бойынша білім беру процесіне қатысушылардың сауалнамасының нәтижелерін талдау:

Ұсынылған білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін анықтау бойынша білім беру процесіне оқушылар, педагогтер мен ата-аналардан сауалнама алынып, нәтижесі оң деген бағамен бағаланды.



8. Кемшіліктер мен ескертулер, оларды шешу жолдары:

Жаңа оқу жылында дарынды балалармен жұмысты жандандыру.


9. Қорытындылар мен ұсыныстар:

Өзін – өзі бағалау мен бағалау өлшем шарттарымен алдағы жаңа оқу жылында жұмысты жүргізу.



Комиссия төрағасы      Бердалиев Нурлан Турмаханович

                                                      (аты-жөні, қолы, мөрі)


Комиссия мүшелері:

  1. Алжанов Габиден Алмасович оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары.
  2. Абдиева Телли Махметовна тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары.
  3. Мамедова Марина Фахрадинована – мектеп психологы.